378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жетісайда биыл 2627 оқушы мектеп бітірген

  • 131
  • UPD: 12:29, 14.06.2019

Түркістан облысы Жетісай ауданында биылғы оқу жылында 2 мың 627 оқушы алтын ұя мектебімен қоштасты.

Түлектердің алды алтын белгі иегері атанса, жақсы оқып талаптанғандар үздік аттестат иесі атанды. Әсіресе ауданда бұрыннан «алтын жауған мектеп» аталып кеткен Бауыржан Момышұлы атындағы №6 гимназия шәкірттерінің орны бөлек. Биыл да бұл оқу ордасынан 64 түлектің 45 і алтын белгіге үміткер қатарында. Ал үздік аттестатты 11 оқушы еншілепті.

Бір кездері мектеп қабырғасына тарыдай болып кірген шәкірттер енді таудай болып мектепті аяқтауда. Аудандағы 70 мектептен жиналған оқушылар сап түзеп, түлектер шеруіне қатысты. Мектептегі жетістікері, білімі және өнегелі тәрбиесімен көзге түскен өрендер осы кеште жұртшылыққа кеңінен таныстырылды. 

Жетісайдағы №6 Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп гимназиясы  республикаға танымал. Мектеп атын әйгілі еткен де шәкірттері. Биыл бұл оқу орнын 64 түлек бітіріпті. Соның 45-і алтын белгі иегері атанғалы тұр. Соның бірі – Гүлжайна Бейсенбай. Ол болашақта өзін фармацевт дәрігер ретінде көреді. Қыз баласына жарасымды мамандық таңдағанына ата-анасына разы көрінеді.

Гүлжайна Бейсенбай, №6 Б.Момышұлы атындағы мектеп гимназиясының түлегі:

– Бұл – біздің ата-аналарымыздың қолдауы. Ұстаздарымыздың және біздің талмай тынбай жеткен еңбегіміздің нәтижесі деп санаймыз. Ендігі – мақсат алдағы ҰБТ дан өтіп, үздік нәтиже көрсетіп арманға мақсатқа нық қадам басу.

5 мыңнан астам адам қатысқан салтанатты шарада сөз алған аудан әкімі де мектеп бітіруші түлектерге ақ жол тілеп, «Алтын белгі» және «Үздік аттестат» иегерлерін алғысхатпен марапаттады.

Жамантай Бейсенбаев, Жетісай ауданының әкімі:

– Жетісай ауданында 70 мектеп болатын болса, онда 43 606 бала тәрбиленіп жатыр. Сол 43 606 баланың 2 627-сі мектеп бітіріп жатыр. Бұрынға қарағанда ауданда білім сапасының ілгерлеушілігі бар. Бұл да болса біздің ұлағатты ұстаздарымыздың Елбасының, Үкіметтің балаларға жастарға деген қамқорлығының нәтижесі деп білемін.

Бұл кеште түлектер әуелете ән шырқап, қоштасу вальсін биледі. Ұлағатты ұстазын ұлықтап, жалпақ жұртқа кеңінен танымал «Ұстазым» әнін мұғалімдерімен бірге орындады. 

Авторлары: Нұрбек Байбосын, Нұрмахан Мұсатов

Хабар 24 телеарнасы