389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сот сараптама қызметі автоматтандырылады

  • 295
  • UPD: 13:21, 14.06.2019
Сот сараптама қызметі автоматтандырылады

Елімізде сот сараптама қызметі автоматтандырылады,деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Әділет министрі Марат Бекетаев елордада өткен есеп беру кездесуінде айтты. Сала басшысының сөзінше, қазір «Е-сараптама» ақпараттық жүйесі әзірленген. Оны «төрелік» және «Е-қылмыстық іс» жүйелерімен біріктірмек. Сондай-ақ министрлік нормативтік құқықтық актілерді тіркеуді толығымен электронды фоматқа ауыстырған. Сөйтіп аталған құжаттарды тіркеу мерзімі бұрынғыдай 15 күн емес, 5 күнге қысқарған. Сонымен қатар 2020 жылы адвокат пен заң консультантының кәсіби жауаптылығын міндетті сақтандыру институты енгізілетін болды. Бұл сапасыз көмек көрсетілген жағдайда азаматтардың сақтандыру өтемақысын алуына көмегін тигізбек.

Марат Бекетаев, ҚР Әділет министрі:

– Адвокаттар мен заң консультанттарының «е-заң» ақпараттық жүйесінде жұмыс жасау мүмкіндігі бар. Бұл дегенің мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін біріктіру, кәсіби қоғамдастық қызметін барынша оңтайландырады. Нотариустардың да қызметіне өзгерс енгізілді. Бұрын соттар қараған 9 даусыз талаптар нотариустарға берілді. Бұдан былай, жалақы, коммуналдық қызметі берешегін сотқа бармай-ақ, нотариустарға жүгіне алады.

Хабар 24 телеарнасы