382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан стратегиялық зерттеулер иститутының өкілдері сайлау қорытындыларын талқылады

  • 84
  • UPD: 15:51, 14.06.2019

Қоғамды дамытып, халықтың әл-ауқатын көтеру үшін еліміздегі барлық саяси күштер бірігуі керек.

Яғни билік пен азаматтық кеңес келісіп пішкен тон келте болмайды. Қазақстан стратегиялық зерттеулер иституты өкілдерінің пікірі осыған саяды. Басқосуда мамандар президент сайлауының қорытындылары мен қоғамның саяси күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады. Олар жаңа Президент жастар саясатына басымдық береді. Тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған бағдарламалардың іске асырылуын күшейтеді деп сенеді. Сонымен қатар сыртқы саясатта да көпвекторлық бағытты жалғастырып, халықаралық аренадағы сенімді серіктес бола біледі.

Алуа Жолдыбалина, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ бөлім басшысы:

– Күн тәртібінде әрине әлеуметтік-экономикалық сала өзекті болады. Әлеуметтік-экономикалық секторға байланысты көптеген сұрақ туындап жатыр. Өздеріңіз көрдіңіздер, кеше ғана Білім және ғылым министрін ауыстырды. Яғни бүгінде әлеуметтік экономикалық секторды, саяси менеджментті басқару жастар толқынын әкелеміз деп сенім артып отыр сарапшылар. Сонымен қатар әлеуметтік-экономикалық секторда әсіресе аймақтарға мән береміз. Себебі бүгінде аймақтардың дамуы бүкіл Қазақстанның дамуына да толық әсер етеді.

Хабар 24 телеарнасы