378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көкшетауда облыстық жедел жәрдем бекетіне 40 шақты көлік тарту етілді

  • 74
Көкшетауда облыстық жедел жәрдем бекетіне 40 шақты көлік тарту етілді

Медицина қызметкерлерінің мерекесіне орай берілген жедел жәрдем көліктерінің үшеуі облыс орталығында қалса, қалғандары аудан-ауылдарға жөнелтіледі.

Осылайша әр ауданға кемінде 2-3 көліктен үлестіріледі. Ал техникалардың барлығы дерлік заман талабына сай жабдықталған. Мәселен, 40 көліктің 30-ы - реанимобильдер. Жалпы биыл аймақ медицинасын материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен 2 млрд теңгеден қаржы қарастырылып отыр.

Досбол Нұртазин, Целиноград аудандық жедел жәрдем бекетінің аға фельдшері:

- Ақмол, Қосшы, Қоянды, Қабанбай батыр, Талапкер және Қараөткел ауылдарына берілді. Осы ауылдарда халықтың саны күнделікті ұлғайғанға байланысты бұл көптен күткен жаңалық. Сондықтан өте қуаныштымыз.

Хабар 24 телеарнасы