389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында 2 мыңнан астам жас кәсіпкерлікпен айналысады

  • 184
Павлодар облысында 2 мыңнан астам жас кәсіпкерлікпен айналысады

Ертіс өңірінде екі мыңнан астам жас кәсіпкерлікпен айналысады.

29 жасқа дейінгі белсенді азаматтардың 800-ден астамы облыс орталығында шоғырланған. Бүгінгі таңда жеке істі дөңгелетемін деушілер кәсіпкерлік негіздерін меңгеріп, 3 млн теңгенің шағын несиесін алу мүмкіндігіне ие. Мемлекет тарапынан қолдау бар. Ал Жастар жылы аясында қосымша қолдау шаралары қолға алынбақ. Ендігі мақсат - олардың бизнес-сауаттылығын арттыру. Сондықтан бизнес жоспарлау, жұмыс орындарын ашу тақырыптары бойынша кеңес беру, ақпарат тарату және тренингтер сияқты шаралар көптеп ұйымдастырылып жатыр. Мемлекеттік бағдарламаларға қатысу тетіктері де кеңінен насихатталуда.

Төлеген Айтбаев, жастар бастамаларын дамыту орталығының директоры:

- Жастар жылына орай республикалық жол картасы аясында осы жылдың екінші жартысында жастарға 500 АЕК құрайтын гранттар беріледі. Сол туралы қазір жастарға ақпарат жеткізу және де бұл идеяларды қалыптастыру бойынша жұмыс өткізіп жатырмыз. Яғни бұл гранттарды тарату кезінде біздің жастар дайын болуы керек.

Адхамжан Эркинов, Голубовка ауылының тұрғыны:

- Малдың бағасы қымбат. Төрт миллиондай шығатын болса, жақсы болатын еді. Алла нәсіп етсе, бастаймын деген ойдамын. Оны жұмыспен көрсете аламын.

Хабар 24 телеарнасы