378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев басымдық берген бағыттың барлығы әлеуметтің әлеуетін арттыруға бағытталған – А.Маркаров

  • 70
  • UPD: 17:46, 14.06.2019

Қазақстан қарқынды дами береді. Бұл туралы ТМД елдері Институты Армян филиалының жетекшісі Александр Маркаров мәлімдеді. 

Саясаттанушы Қазақстанда болып жатқан өзгерістер тұрақтылыққа негізделгеніне көңіл бөлген. Сарапшы Қасым-Жомарт Тоқаев басымдық берген бағыттардың барлығы әлеуметтің әлеуетін арттыруға бағытталғанын айтты.

Александр Маркаров, ТМД Елдер институты армян филиалының жетекшісі:

- Қасым-Жомарт Тоқаев елдің жүйелі дамуын және аймақтық саясатта Қазақстанның беделін арттыратын нақты міндеттер жүктеді. Қазақстан Президентінің мол тәжірибесі  халықаралық келіссөздер жүргізіп байланысты бекемдей түсуге өз септігін тигізбек. Себебі  Қазақстан  аймақтық  және  жаһандық деңгейде үнемі белсенділік танытып отырған бірден бір ел.

Хабар 24 телеарнасы