389,38 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақ диаспорасын мемлекеттік қолдау туралы заң жобасы әзірленіп жатыр

  • 372
  • UPD: 22:18, 14.06.2019

Бұл құжат сырттағы қандастарымызға және елге көшіп келген отандастарымызға кешенді көмек көрсетуді көздейді.

Бүгін «Отандастар» қоры мен Дүние жүзі қазақтары қауымдастығы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Айта кетейік, тоқсаныншы жылдардың басынан бері 1 млн -нан астам қандасымыз елге оралған. Әсіресе 2009-2010 жылдары «Нұрлы көш» бағдарламасының көпке септігі тиді. Былтыр еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің арнайы бағдарламасымен 8 мың отбасы көшіп келген. Оларға мемлекет тарапынан арнайы қаржы бөлініп, баспана берілді.

Бердібек Сапарбаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі: 

- Қазірде енді көшіп келміз деп жатқандар бар. Оның ішінде оның 60 пайыздан астамы жұмысқа жарамды. Барлығы сауатты. Біздің енді қазір жүргізіп жатқан ең басты мақсатымыз-ол кісілерге жағдай жасауымыз керек. Біріншіден, тұратын үй болу керек, екіншіден жұмысы, және, балалары бақшаға мектепке баруы керек.

Хабар 24 телеарнасы