378,45 426.20 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Есептеудің жаңа тәртібі енгізілгеннен бері 273 мың отбасы АӘК алды

  • 90
  • UPD: 23:30, 14.06.2019

Атаулы әлеуметтік көмекті есептеудің жаңа тәртібі енгізілгелі оны 273 мың отбасы алды.

Бұл үшін Мемлекет қазынасынан 55 млрд теңге төленген. Елу мыңға жуық отбасының табысы қайта есептеліп жатыр. Бұл туралы қоғамдық кеңес алдында есеп берген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев хабарлады. Министрдің айтуынша, елімізде бюджеттен бөлінетін қаражаттың 28 проценті әлеуметтік жәрдемақыларды төлеуге жұмсалады. Биыл бөлінген қаржы өткен жылмен салыстырғанда 377 млрд теңгеге артық. Қазір тұрмысы төмен отбасылардың әлеуметтік картасы жасалып, тіркеу жұмыстары жүріп жатыр. Одан бөлек биыл әлеуметтік саладағы мемлекеттік қызметтің 22 түрі электронды жүйеге көшіріледі. Яғни құжат қабылдау, тіркеу, анықтама беру сияқты шаруалар едәуір жеңілдейді.

Бердібек Сапарбаев, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

- Қазіргі таңда мемлекеттің есебінен 38 түрлі әлеуметтік қолдаулар көрсетіледі. Өткен жылы осы әлеуметтік қолдауларды жүзеге асыру үшін республика бюджетінен 2, 5 трлн қаржы бөлінген болатын. Онымен 3 млн 800 мың қазақстандық қамтамасыз етілді. Одан бөлек, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры арқылы 800 мың қазақстандыққа 190 млн теңге қолдау көрсетілді.

Хабар 24 телеарнасы