389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Күлімкөз Смаилова: «Рухани жаңғыру» – табысты ел болудың кепілі

  • 408
  • UPD: 15:28, 15.06.2019

Бұл – солтүстікқазақстандық Күлімкөз Смайылованың пікірі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 10 тапсырмасында осы бағдарламаға ерекше көңіл бөлгеніне қуанышты. Өйткені бұл жастар арасында қоғамдық сананы жаңартып, оң мен солды ажыратуға жол ашады. Жалпы, аталған жоба аясында өткен жылы еліміздің түкпір-түкпірінде жобалық кеңселер ашылып, өз жұмысын бастады. Тек Петропавл қаласының өзінде 100-ден астам түрлі іс-шара ұйымдастырылған. Ал оған шаһардың 30-дан астам мектебінен оқушылар қатысты.

Күлімкөз Смаилова, қалалық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің жетекшісі:

- «Рухани жаңғыру» бағдарламасы біздің барлық ұлтымызды біріктіретін сондай бір идеологиялық негіз деп білемін. Егер біз рухани жаңғырып, ортақ құндылықтарды сақтай алсақ, онда барлығымыздың реформаларымыз табысты іске асырылады. Және осы сондай қауіп-қатерлерге толы заманда біз ұлт болып сақталып қаламыз.

Хабар 24 телеарнасы