386,44 428,48 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда жас кәсіпкерлердің бастамасымен наубайхана ашылды

  • 353
  • UPD: 15:26, 15.06.2019

Тәулігіне нан өнімдерінің бірнеше түрін шығаратын өндіріс орнында балалар үйінің тәрбиеленушілері мен тұрмысы төмен жастар жұмыс істейді, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Шағын наубайханада нан өнімдерінің 30-ға жуық түрі дайындалады. «Қазақстанның балалар үйлері түлектерінің қауымдастығының» бастамасымен ашылғанына небәрі 4-ақ күн болған наубайханада әзірге ауысыммен 10 адам жұмыс жасайды. Солардың бірі – Түркістаннан келіп Алматыда білім алып жүрген Ақмолжан Зарипов.

Ақмолжан Зарипов, наубайхана жетекшісі:

- Бізге бұл өте үлкен мүмкіндік. Оқып жүріп жұмыс істеу арқылы тәжірибе артады және жұмыс жасап, өздерін ары қарай дамытуға мүмкіндік, жас кезінен бастаса, 25 жасында өз ісінің маманы болып шығады.

Наубайхананың тағы бір ерекшелігі, ыстық пештен шыққан нандар арнайы таза экологиялық қағаздарға салынады. «Қолдың қысқалығынан барлық тапсырыстарды орындауға әзірге мүмкіндігіміз жоқ. Қазір тәулігіне 30 нан пісірсек, айдың соңына қарай 500 нан шығаруды жоспарлап отырмыз», – дейді наубайхана жетекшілері.

Рафаэль Гасанов, балалар үйлері қауымдастығының жетекшісі:

- Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімінде  жастарға қолдау көрсетілетінін айтты. Елбасы биылғы жылды Жастар жылы деп жариялағаны белгілі. Біздің осындай бастамаларымыз үкіметтен және жеке кәсіпкерлер тарапынан  қолдау тауып жатса, ісіміз алға басып, алдағы жоспарларымыз жүзеге асады деген сенімдеміз. 

Жас кәсіпкерлер алдағы уақытта еліміздің ірі қалаларында да үлкен наубайханалар ашып, балалар үйінің түлектері мен тұрмысы төмен отбасылардан шыққан жастарды жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр. 

Авторлары: Жандос Айтбайұлы, Қанат Қаматаев

Хабар 24 телеарнасы