384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістанда тілшілер арасында спартакиада басталды

  • 183
  • UPD: 15:26, 15.06.2019
Түркістанда тілшілер арасында спартакиада басталды

Түркістан қаласында байланыс және ақпарат қызметкерлері күні мен Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуына орай журналистер арасында дәстүрлі спартакиада басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жыл сайын ұйымдастырылатын дәстүрлі шараға биыл Түркістан облысы мен Шымкент қаласындағы БАҚ өкілдері бірге қатысып отыр. Кәсіби мереке қарсаңында журналистер волейбол, жүзу, шахмат, арқан тартыс, тоғызқұмалақ, үстел теннисі, жеңіл атлетика, бильярд және шағын футболдан өзара күш сынасуда. Басты мақсат – саламатты өмір салтын насихаттап, әріптестер арасындағы шығармашылық және достық қарым-қатынастарды нығайту, бұқаралық спортты дамыту. Түркістан төрінен бастау алған спартакиада 16 маусымда Шымкент қаласында қорытындыланбақ. Жеңімпаз командалар мен журналистер арнайы марапаттар мен ақшалай сыйлыққа ие болады.

Ғалымжан Елшібай, ҚР Журналистер одағы облыстық филиалының төрағасы:

- Бұл жолғы жарысқа өткен жылғыға қарағанда Созақ, Арыс қаласынан, бірқатар ауданнан тапсырыстар түсті. Спортшылар қатысып жатыр. Оның үстіне бұл жарыс Елбасы жарлығымен Түркістан облысына 1 жыл толумен тұспа-тұс келіп отыр. Жарысқа қатысушыларға осылай ынтымағы жоғары, бірлікте болсын дейміз.

Хабар 24 телеарнасы