383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбелік оқытушылар мемлекеттік саясаттың шешімін қолдау әр азаматтың борышы деп санайды

  • 134
  • UPD: 15:23, 15.06.2019
Ақтөбелік оқытушылар мемлекеттік саясаттың шешімін қолдау әр азаматтың борышы деп санайды

«Қоғамның әлеуметтік талаптары әрдайым билік назарында болуы тиіс».

Қазақстан президентінің бұл сөздері көпшіліктің көңілінен шықты, деп хабарлайды «Хабар 24». Халықтың табысын арттыру арқылы экономикалық тұрақты мемлекет құруға мүмкіндік бар. Бұл тезиспен ақтөбелік жоғары оқу орнының оқытушылары толықтай келісіп отыр. Мемлекеттік саясаттың осы шешімін қолдау әр азаматтың борышы санайды.

Асхат Кеңесов, университеттің аға оқытушысы:

- Ең бастысы, қазіргі таңда осы әлеуметтік экономикалық мәселелерді шешу керек. Өйткені «Бірінші экономика, екінші саясат» деген тезисті әлі ешкім алып тастаған жоқ. Президент те өзі сол бағыт бойынша жүретінін, жалғастыратынын айтты. Сондықтан да қазіргі қоғамда болып жатқан түсінбеушілікке қатысты билік тарапынан түсіндірушілік болуы керек.

Хабар 24 телеарнасы