388,62 430,50 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жетісуда адамдарды өрттен аман алып шыққан полиция қызметкерлері марапатқа ұсынылды

  • 369
  • UPD: 15:49, 15.06.2019

Маусым айында еліміздің полиция қызметі кәсіби мерекесін атап өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өз басын қауіп-қатерге тігіп, өзгелердің өмірін құтқарып қалған сақшылардың ерлігі туралы айтсақ. Осы жылдың басында Алматы облыстық жергілікті полиция қызметінің жол-патрульдік батальонының 3 қызметкері өртенген үйден қарияны алып шықты. Полиция майоры Иван Быков, кіші лейтенант Айдос Молдағалиев пен лейтенант Шыңғыс Иманбаев сол аумақта кезекшілікте жүрген болатын. Үйдің төбесінен будақтаған қою түтінді көрген сақшылар бірден көмекке ұмтылған. Өз аяғымен жүруге әлі қалмаған қарияны сыртқа шығарады. Әлі ұйқыда жатқан көршілерді оятып, өртті сөндіруге әрекет етеді. Кейін өрт сөндірушілер келіп, қызыл жалын толықтай сөндіріледі. Осы оқиғадан кейін полиция қызметкерлеріне алғыс жарияланып, марапатқа ұсынылды.

Оқиға куәгері:

- Таңғы сағат 5-тер шамасына полиция көлігінің дабылынан ояндым. Жалма-жан терезеден сыртқа қарадым. Біздің үйге жақын орналасқан үй жанып жатыр екен. Бірден ұлымды ояттым. Ол жан-жаққа қоңырау шалып, ескертті. Полиция қызметкерлері өтіп бара жатып өртенген үйді көріп қалған. Қарияны алып шықты. Алғысымыз шексіз.

Хабар 24 телеарнасы