384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавл тұрғыны ескі тұрмыстық заттардан шағын мұражай ашты

  • 111
Петропавл тұрғыны ескі тұрмыстық заттардан шағын мұражай ашты

Петропавлдық Сергей Тимофеев ескі тұрмыстық заттар жинауға әуес.

Құрылыс компаниясын басқаратын кәсіпкер кеңсесінің бір бөлмесінен мұражай ашқан. Қазір мұнда жағалай қойылған самауыр, үтік, радио, сағаттар көзге ыстық көрінеді. Ескі заттардың арасында әлі күнге істеп тұрғандары да бар. Мұражайдың бір бұрышына кеңестік кезеңнің газеттері мен жарыс кубоктары қойылыпты.

Сергей Тимофеев, құрылыс компаниясының директоры:

– Маған ескі тігін машинасы ыстық көрінеді. Оның дыбысы балалық шағымды еске салады. Сонымен қатар фотоаппараттар бар. Қазір екінің бірі суретке түсіреді. Ал біздің кезімізде ол сирек кездесетін нәрсе еді.

Хабар 24 телеарнасы