384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада қаруланған ер адамды ұстауға көмектескен оқушылар марапатталды

  • 196
  • UPD: 21:58, 15.06.2019

Елорданың ішкі істер департаменті оқушыларды марапаттады.

Олар тапа-тал түсте балаларға қару кезенген 51 жастағы күдіктіні ұстауға көмектескен болатын. Қазір осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған. Ал күдіктіні қолға түсірген патрульдік полиция қызметкері Руслан Шмидт мемлекеттік марапатқа ұсынылды. №27 және 37 мектеп оқушыларының ата-аналары мен ұстаздарына да алғыс жарияланды.

Рустам Шәрібаев, қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары:

– Полиция департаменті бастығының бұйрығымен жас қызметкерлеріміз бен батыл балаларды марапаттадық. Қаруланған қылмыскерден тайсалмай, төтеп бере алған батыл оқушылар – еліміздің ертеңі. Осындай ержүрек ұрпақ тәрбиелеген ата-аналары мен ұстаздарға алғыс айтамын.

Хабар 24 телеарнасы