384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордалық полицейлер өрт кезінде қарияны құтқарып қалды

  • 170
  • UPD: 08:36, 16.06.2019

Жыл басынан бері елорда полицейлеріне 283 мың шақырту келіп түсті. Соның бірі Бейбітшілік көшесінде орналасқан үйдің екінші қабатынан өрт шыққаны туралы дабыл.

Қалалық полиция департаментінің қызметкерлері оқиға орнына дер кезінде жетіп, өрт сөндіру қызметіне көмектесті. Тұрғындарды қауіпсіз жерге шығарды. Қазір сотқа дейінгі тергеп тексеру жүргізілуде.

Ержан Алтынбеков , патрульдік полицияның инспекторы, аға лейтенант:

- Төртінші этажға көтерілген шағымда сол жағымда есік тұр екен. Ұзағынан қақтық біз. Үлкен кісі бір ата жүре алмайды екен. Ойланбастан сол атаны көтеріп алып, далаға алып шықтым. Содан бәрі жақсы болды ғой.

Хабар 24 телеарнасы