384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атыраулықтар Қ.Тоқаевтың бағдарламасын қолдайды

  • 190
  • UPD: 09:09, 16.06.2019
Атыраулықтар Қ.Тоқаевтың бағдарламасын қолдайды

Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзекті проблемаларды шешуде жергілікті билік тұрғындардың пікірімен санасу керектігі туралы тапсырмасы аймақтарда кең қолдау табуда. 

Атырау облыстық маслихат депутаты Нұрлы Әйтиеванің пікірінше, билік өкілдері өңір үшін маңызды проблемаларды жасырмай, дер кезінде жариялап, көпшілікпен келісе отырып шешім қабылдауы тиіс. Бұл әсіресе алыс аудандар үшін маңызды. Себебі қиырдағы елді мекендердегі күрделі проблемалар орталыққа уақытылы жете бермейді. Осыдан кейін тұрғындардың үкіметке деген сенімсіздігі туындайды. Сондықтан билік басындағылар халықпен ашық диалог құру керек деді ол.

Нұрлы Әйтиева, облыстық мәслихат депутаты:

- Мысалы, Атырау облысын алып қарасақ, қаншама күрделі проблема шешімін күтуде. Автокөлік жолдары, жыл санап тартылып бара жатқан Жайық өзенінің жағдайы, жалпы өңірдің экологиялық проблемасы біз үшін өте өзекті. Осының барлығын жергілікті билік бұқарамен ақылдасып шешімін іздеуі керек. Сондай-ақ облысқа қатысты барлық мәселелерді біліп отыруға тұрғын халықтың құқығы бар деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы