384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Адам жемқорлыққа төзбеушілікті ананың сүтімен бойына сіңіруі керек – Сарапшы

  • 143
  • UPD: 09:20, 16.06.2019
Адам жемқорлыққа төзбеушілікті ананың сүтімен бойына сіңіруі керек – Сарапшы

Президент сыбайлас жемқорлықпен күрес басты назарда болады және ол жүйелі түрде жүргізілуі керек деді.

Бұл іске қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдарды тарту қажет деген бастамасы да құптарлық дейді сарапшылар. Өйткені қарапайым халықпен барлық салада ашық диалог құру өте маңызды.

Алтынай Көбеева, қалалық қоғамдық кеңес мүшесі:

- Біздің мемлекетте қоғамдық бақылаудың механизмі қалыптасқан. Сыбайластықпен күрестің тағы бір тәсілі – ол түсіндіру жұмыстары. Отбасында, дастарқан басында бәрін ақшаның күшімен шешуге болады дейміз де, мінбелерде оның дұрыс емес екенін айтамыз. Ал шын мәнінде, адал болуды бала ананың сүтімен сіңіруі керек. Кез келген мәселені қарапайым жолмен шешуге болатынын түсіну керек.

Хабар 24 телеарнасы