383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі диалог алаңына айналуы тиіс – БҚО халқы

  • 199
  • UPD: 12:10, 16.06.2019

Халықты толғандыратын барлық өзекті мәселелер алдағы уақытта ашық талқыланбақ.

Билік пен қоғам арасындағы диалог пікір алуандығына негізделеді. Бұл ретте Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне артылар үміт зор-дейді сарапшылар. Қоғамдық кеңес өкілдерінің бас қосуында айтылғандай қолға алынған шаралар ұлтты ұйыстыруға, ел бірлігін бекемдеуге қызмет етпек.

Гамал Түзелбаев, Қазақстан Азаматтық альянсының вице-президенті:

- Ұлттық сенім кеңесі деген өте қазіргі таңда бізге керек нәрсе. Неге десеңіздер, халықтың әл-ауқатын өсіру ертеңгі күнге қалдырмай, қазір қандай проблемалар бар, қандай шешілмей жатқан әлеуметтік мәселелер бар. Соның бәрін зерттеп, қазір шешуге тырысу керек мемлекеттік органдар. Оған үкіметтік емес ұйымдардың пайдасы тиеді. Соған бағытталған жұмыстарды жасауымыз керек. Ол жұмыс керек. Қоғамда әділдік болуы керек. Қоғамда әділдік болса еліміз де дамиды.

Әліби Оразов, Орал қалалық қоғамдық кеңес мүшесі:

- Иннаугурацияда Мемлекет басшысы сондай кеңес керек екенін айтты. Ол өте дұрыс идея. Сенім кеңесі биліктегілер өз тезисін халыққа түсіндіретіндей, жұртшылық өз ұстанымын жоғарыдағыларға жеткізетіндей нақты диалог алаңы болуы қажет деп ойлаймыз.

Хабар 24 телеарнасы