384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбелік ҚХА өкілдері Қ.Тоқаевтың бағдарламасын қолдайды

  • 148
  • UPD: 12:14, 16.06.2019
Ақтөбелік ҚХА өкілдері Қ.Тоқаевтың бағдарламасын қолдайды

Мемлекет басшысы жария еткен бағыттар қордаланған мәселелерді шешуге мүмкіндік береді.

Ол үшін  алдымен қоғамда тыныштық пен тұрақтылық қажет дейді Ақтөбедегі Қазақстан халқы кіші Ассамблеясының өкілдері.  Ұлтаралық келісім мен достықтың нығаюына зор үлес қосып жүрген этно-мәдени бірлестіктің мүшелері өте белсенді. Маңызды шараларға қатысып ғана қоймай, түрлі салаларда еңбек етіп, ортақ отаны – Қазақстанның дамуына үлес қосып келеді. Бүгінде Ақтөбеде түрлі ұлт өкілдерінің 18 ұйымы бар.   

Әлішер Исматуллаев, «Согдиана» өзбек этно-мәдени бірлестігінің төрағасы:

- Президент өзінің он бағытын, программасын ұсынды. Біз осы Қазақстан халқы көп ұлтты мемлекетпіз. Біз сол программаны қолдап қуаттаймыз. Бұл Қазақстан атағын көтереді, абыройын көтереді деген программа деп ойлаймын. Бізге, тұрақтылық, бізге тыныштық, ауызбіршілік керек. Сонда ғана біз өркендейміз.

Хабар 24 телеарнасы