384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда әжейлер жетімдер үйінің тәрбиеленушілеріне асүйдің қыр-сырын үйретті

  • 170
  • UPD: 14:38, 16.06.2019

Павлодарлық әжелер жастар тәрбиесіне ден қойды. Қазақстан халқы Ассамблеясының жанынан құрылған қоғамдық бірлестіктің мүшелері «Жас ұрпақ» үйімен тығыз байланыс орнатқан.

Мекемеде жетімдер үйінің түлектері 23 жасқа дейін тәрбиеледі.  

Бүгінгі ас мәзірі ұлттық тағамдарға арналған. Әжелер дайындаған ыстық бауырсақ пен самсаның иісі мұрынды жарады. Ата-ана қамқорлығын көрмей өскен жеткіншектер үшін мұндай тәжірибенің берері мол.

Камила Васильева, «Жас ұрпақ» жастар үйінің тәрбиеленушісі:

- Кәдімгі тартылған етке картоп қосып жасауға болатынын бүгін ғана білдім. Менің ойымша, самсамыз өте дәмді болады. Әжелерден үйренеріміз көп. Өмірде  керек болады.

Балалар  бұрын асханада кезекшілік жасағандары болмаса өз беттерімен ас әзірлеп үйренбеген. «Ата-баба жолдарымен» жобасы аясында қоғамдық бірлестік өкілдері салт-дәстүрлерді дәріптеп балалардың бойына ұлттық құндылықтарды сіңіруді мақсат етіп отыр.

Бақытжамал Максилова, «Нұр ана әлемі» ҚБ жетекшісі:

- Біз өзіміз әрқашанда осы «Жас ұрпақта» тәрбиеленетін тәрбиеленушілермен барлық мерекелерді бірге өткіземіз. Себебі біздің өзіміздің туған немерелеріміздей балалар. Сондықтан бүгін келіп, өзіміздің ұлттық тағам бауырсақ пен самсаны үйретіп жатырмыз. Бұлар еш жерде қалмайтын балалар. Бұлар біздің балаларымыз. Біздің мемлекетіміздің балалары. Сондықтан ұлттық нақышта тәрбиелеу біздің өзіміздің міндетіміз деп ойлаймын.

Ұлттық нақыштағы бұйымдарды жасап үйренуге де жастардың ынтасы зор. Қолөнер шебері алдымен кәде сый, тарту таралғылар үшін қажет дүниелерді көрсетті. Зердеге түйіп,  табыс көзіне  айналдыруға болатынын түсіндірді.

Светлана Щусь, «Жас ұрпақ» жастар үйі жетекшісінің орынбасары:

- Олар білім алып,  келешекте белгілі бір мамандық иесі атануды көздейді. Алты  бала жұмыспен қамту орталығы арқылы, тағы екі бала өздері жарнама беріп жұмысқа орналасты.

«Жас ұрпақ» жастар үйінде қазір 27 бала тұрып жатыр. Олардың бәрі кәсіптік білім беретін мекемелерде оқып жатқан студенттер.

Авторлары: Қарлығаш Қасиетова, Самат Оспанов, Алексей Омельницкий

Хабар 24 телеарнасы