384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Балқашта ерекше өнер иесі тұрады

  • 123
  • UPD: 15:17, 16.06.2019

Николай Савидов 30 жылдан бері микроминиатюрамен шұғылданып келеді. Ол ұсақ бұйымдарға сурет салып, жан бітірудің хас шебері.

Туындыларды тек мкраскоппен ғана көруге болады. Қазір маман микроабстракционизм атты жаңа бағытты меңгеру үстінде. 

Николай Савидовтың туындыларын тек микроскоппен ғана көруге болады. Өлшемі миллиметрден аз бұйымды жасау үшін шебер бірнеше ай еңбек етеді. Ол тауық жұмыртқасын осыдан 35 жыл бұрын тағалаған. Содан кейін жылқы қылымен мақал-мәтелдерді нақышына келтіріп жазып, күріш дәндерін бояуды үйренді. Қазір Николай микроминиатюрадағы жаңа бағытты меңгеріп жатыр. 

Николай Савидов, микроминиатюра шебері:

- Түсіме кірген тақырыпты ресми түрде тіркеп алдым. Ол микроабстракционизм деп аталады. Мен көкнәр өсімдігінің дәнінен пирамида, конус, шар мен цилиндр тәрізді түрлі туындылар жасаймын. Менің ойымша, геометриялық фигуралар өте қызықты.

Мамандығы бойынша Николай Савидов - электромонтер. Бірегей экспонаттарды шебер бос уақытында жасайды. Ол қиын өнерді өз бетінше меңгерген. Бүкіл әлемде мұндай күрделі де тынымсыз өнермен айналысатын шеберлерді саусақпен санауға болады.

Бибігүл Құдабаева, облыстық бейнелеу өнері музейінің директоры:

- Егер миниатюра туралы айтатын болсақ, бұл біздің қарағандылық нэцкэ, ағайынды Жүнісовтардың туындысы. Керемет орындалған шағын жұмыстары бар. Негізі миниатюралық пішіндер жасайтын шебер өте аз. Сондықтан музейде де ондай туындылар көп кездесе бермейді.

36 жыл бойы Николай Савидов 2 мыңға жуық микроминиатюра жасаған. Балқаштық шебер өз жұмыстарымен отандастарымызды ғана емес, көршілес елдерді де таңдай қақтырып отыр. Оның шығармалары ҚР Тұңғыш Президент музейінде және Ресей мен Украина мұражайларында тұр.

Авторлары: Айнұр Абдиева, Сайлау Игіліков

Хабар 24 телеарнасы