383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР ҰҒА президенті: Білікті азаматтар ғана билік жүргізуі тиіс

  • 152
  • UPD: 23:42, 16.06.2019

Жемқорлықпен күресу қоғамдық сананы жаңғыртудан, қалыптасқан жүйені өзгертуден басталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал сол өзгерістің қозғаушы күші – білімді, білікті қызметкерлер. «Отанға риясыз қызмет әділдік пен шыншылдықты талап етеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттің болашақ даму стратегиясына арналған бағдарламасында осы маңызды мәселелерді қаперге алды», – дейді академик Мұрат Жұрынов  

Мұрат Жұрынов, ҚР ҰҒА президенті:

- Өз жұмысына тек дұрыс баға алған, кіршіксіз адамдар келуі керек. Кімдер олар? Олар бизнестің адамдары емес. Олар шенеуніктер емес. Олар – ғалымдар, жазушылар, журналистер. Және өзін осындай қоғамдық ұйымдарда жақсы жағынан көрсете білген адамдар. Солар баруы керек. Халықтың жағдайын жақсы білетіндер де солар, халықтың жанында жүретіндер де солар. Кадр мәселесі ең бірінші орында қазір.

Хабар 24 телеарнасы