384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да тұрғындар цифрлық технологияларды тегін үйренеді

  • 163
  • UPD: 23:40, 16.06.2019
БҚО-да тұрғындар цифрлық технологияларды тегін үйренеді

Батыс Қазақстан облысында 23 мыңдай тұрғын цифрлық сауатын ашады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқыту курстары маусым-тамыз айларында қала мектептері мен барлық 12 ауданда ұйымдастырылады. Сабақ беру үшін информатика пәнінің 100 мұғалімі іріктеліп, олар мемлекеттік қызмет көрсету орталықтарының мамандарынан дәріс алған. Тұрғындар базалық дағдылармен қатар киберқауіпсіздік, электронды сауда-саттық және мемлекеттік қызметті пайдалану жолдарын үйренеді.  Мамандардың айтуынша, өңір халқының цифрлық сауаттылығы бүгінде 78% құрайды. 193 мемлекеттік қызмет түрінің 42-сі сандық форматта көрсетілетіндіктен, бұл көрсеткішті арттыру қажеттілігі туындап отыр.

Нұрсұлтан Нұрлан, ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының бөлім басшысы:  

- Аталған науқанның басты мақсаты – халықтың цифрлық деңгейін үлкейту. Себебі, 2017 жылы 76% болса, биылғы жылы 80% дейін көтеру көзделуде. Кез келген облыс тұрғыны 24-84-24 бірыңғай Call-орталық нөміріне хабарласып, жазыла алады. Оқыту тегін.

Хабар 24 телеарнасы