389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сырбойылықтар: Мемлекет басшысының бастамалары халық тұрмысын жақсартуға бағытталған

  • 289
  • UPD: 23:38, 16.06.2019
Сырбойылықтар: Мемлекет басшысының бастамалары халық тұрмысын жақсартуға бағытталған

Президент бастамаларын сырбойылықтар да толық қолдайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жаңа жұмыс орындарын ашу, жастар кадрлық резервін құру және әлеуметтік саланы жүйелендіру ұсыныстары қазақстандықтардың тұрмыс жағдайын жақсарта түсетініне сенеді.

Бақытжан Сайлыбаев, М.Мәметова атындағы педагогикалық колледж директоры:

- 10 міндеттің ішінде білім саласы қызметкері ретінде біздің байқағанымыз еліміздегі адами капитал дамуы ары қарай жалғастырыла беретіндігі және үздіксіз білім беру жүйесінде жалпы орта білім беруге мейлінше мән беретіндігін айтты. Сонымен бірге мектеп мұғалімдерін, денсаулық сақтау саласы дәрігерлерін әлеуметтік қорғау, құқығын қорғау мақсатында арнайы заң қабылданатыны айтылды. Мұғалімдер мен дәрігерлерді тұрғын үймен қамтамасыз етудің арнайы бағдарламасы болатындығын айтты.

Наурызбай Байқадамов, облыстық мәслихат хатшысы:

- Ел аман, жұрт тыныш болса, президенттің алда атқарар жұмыстарына бірауыздан қолдау көрсететін болсақ әлі талай белестерді бағындырамыз және әрқайсысымыздың өмір сүру сапасы жоғарылай түседі деп ойлаймын. Біз соңғы кезде байбалам салып, әлеуметтік өшпенділік насихаттауларына тез сеніп, жақсылық айтқандарға күдікпен қарайтын болып бара жатырмыз. Бұл өте дұрыс емес. Қарсылық білдіріп сөйлегенді шыншыл адам ретінде қабылдайтын сияқтымыз. Сондықтан әр адам өзіндік мүддесін елдік мүддеден жоғары қоймауы керек.

Хабар 24 телеарнасы