389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Болашақ» түлектері ел дамуына үлес қосуға дайын

  • 270
«Болашақ» түлектері ел дамуына үлес қосуға дайын today.kz

АҚШ-тың жоғарғы оқу орындарында түлектердің диплом алу салтанатты шарасы өтті.

Олардың арасында «Болашақ» стипендиясының игерелері бар. Америкада білім алған қазақстандықтар болашаққа үлкен үмітпен қарайды. Солардың бірі – Дархан Мұңайтбасов. Нью-Йорк университетінің қаржы мамандығы бойынша магистратураны тәмамдаған. Ол шетелде «Номад» клубын құрып, өзге елдің жастарына еліміздің мәдениеті мен салт-дәстүрін таныстырып, қазақ тілін үйретумен шұғылданған. Игі бастаманы қазақстандық студенттер ары қарай жалғастыруға ниетті. 

Дархан Мұңайтбасов, «Болашақ» бағдарламасының түлегі:

– «Болашақ» бағдарламасымен Нью-Йорк университетінде 2 жыл магистратурада оқып, қаржы мамандығының иесі болдым. Оқу бітіруім осы жастар жылына сәйкес келгеніне өте қуанып отырмын. Қазақстанға барып бар мүмкіндікті пайдаланып, жақсы жобаларға өзімнің үлесімді қосамын деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы