384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда самокат пайдаланушылардың саны күрт артқан

  • 170
  • UPD: 09:05, 17.06.2019

Алматыда жалға берілетін көлік түрлері көбейе бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жеңіл көлік пен велосипедтен басқа электр самокаттарды пайдаланатындар қатары артып келеді. Шілдеден бастап қала тұрғындары мен қонақтарына самокаттар жалға берілмек.

Алматыдағы веложолақ соңғы жылдары бала көлік құралы саналатын электр самокатпен толығуда. Әңгімеге арқау болған самокат 110 килограмм салмақты көтеріп, жылдамдықты 30 шақырымға дейін үдете алады. Ал бір қуаты бір сағат жүруге жеткілікті. Яғни таңғы және кешкі көлік кептелісінде тұрмай, діттеген жерге жылдам жетудің бір амалы осы.

Мария бір жылдан бері самакатты қолданып жүр екен. Уақыт пен қаржысы үнемделгенін айтады. Тіптен, төрт жасар ұлын балабақшаға осы электро самакатпен апарып, қайтады. Ол үшін  қосымша тұтқа орнатып алыпты. Енді самакаттарға арналған  жолақ көбейсе жақсы болар еді, дейді Мария.

Мария Беликова, қала тұрғыны:

– Қазіргі уақытта басты кедергі – арнайы жолақтың аздығы. Біз веложолақ жоқ жерде жүргінші жолымен жүреміз. Бұл жүргіншілер үшін де, бізге де қауіпті. Оған қоса, самокаттарға арналған тұрақ жоқ. Сауда орындары мен басқа жерге барғанда бірге алып жүруге тура келеді.

Алматыдағы көлік кептелісінде сағаттап тұрмай немесе жеңіл көлік үшін тұрақ іздеп сабылмайтын самокаттарға сұраныс күрт артты. Осыған орай шілдеден бастап жоба авторлары 300 электр самокатты жалға шығармақ. Жыл соңына дейін қос дөңгелектілердің саны бес жүзге жетеді, дейді. Самокаттар тұрағы қоғамдық орындар мен аялдамаларға орнатылатын болады.

Асылбек Есенов, жоба жетекшісі:

– Самокатты жалға алу үшін мобильді қосымшаны жүктеп, тіркеуден өтсе жеткілікті. Әрі қарай көлік құралын пайдалана береді. Бағасы алғашқы минутында 100 теңге, әрі қарай минут сайын 25 теңге болады. Сонда орташа 10 минут жол жүру құны 300 теңгені құрайды.

Заманауи, баламалы көлік құралдары үшін қала көшелерінде арнайы жолақтар көбейетін болады. Әзірге электр самокаттар 82 шақырымдық веложолақтармен жүруге құқылы. Олардың қауіпсіздігі үшін арнайы белгілер қойылған. Айта кетейік, соңғы екі жылда велосипедтерге және басқа да көлік құралдарына арналған жолақтарды салу үшін қала бюджетінен 212 млн теңге игерілген.

Авторлары: Аршын Кемелжан, Нұрдәулет Жақсыбаев, Ерлан Әбжанов және Валентин Лобанов

Хабар 24 телеарнасы