384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында 31 мектеп салу жоспарлануда

  • 125
  • UPD: 09:30, 17.06.2019
Алматы облысында 31 мектеп салу жоспарлануда

Алматы облысында үш ауысымда бала оқыту мәселесін жою үшін 31 мектеп салу жоспарланып отыр.

Алдағы 3 жылда 16 жаңа мектеп пайдалануға беріледі. Бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 17 млрд теңгеден астам қаржы қаралған. Облыстық әкімдік еліміздің Білім және ғылым министрлігіне қосымша 15 мектеп салу туралы өтінім берді. Оған 28 млрд теңгедей қаржы қажет. Қазір құрылысы жүріп жатқан 7 білім ошағының бесеуі жыл аяғына дейін іске қосылады. Қалған екеуі келесі жылы пайдалануға беріледі.  

Марат Нүсіпбаев, облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары:

– 24 мектепке жобалар жасалып жатыр. Қазіргі уақытта төртеуі дайын. Республикалық бюджетке өткіздік. Үш ауысымды мектептерді 2023 жылға дейін бітіреміз деп ойлаймыз.

Хабар 24 телеарнасы