389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда ғарыш кеңістігін зерттеу орталығы ашылуы мүмкін

  • 446
  • UPD: 13:24, 17.06.2019
Қазақстанда ғарыш кеңістігін зерттеу орталығы ашылуы мүмкін

Елімізде ғарыш кеңістігін зерттеу орталығы ашылуы мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ондағы ғылыми жұмыстармен Назарбаев университеті жанынан ашылған энергетикалық зертхана мамандары айналыспақ. Бұл туралы осы орталық жұмысын жетілдіруге арналған халықаралық конференцияда айтылды. Жиынға қатысушылар танымал ғалымдардан ғарыш әлемі тақырыбында тың деректер тыңдауға мүмкіндік алды. Басқосуда сала мамандарының өзара тәжірибе алмасуы мен шетелдік ғылыми орталықтардың ынтымақтастығын одан әрі жетілдіру жайы да талқыланды.  

Бекдәулет Шүкірғалиев, энергетикалық ғарыштық зертханасының ғылыми қызметкері:

– Жоғары энергияны зерттейтін саладағы мамандар жиналып, ғарышты зерттеу саласы бойынша қандай жетістіктерге жетті? Нені зерттейміз? Осы сұрақтарға жауап іздейміз.

Хабар 24 телеарнасы