383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таразда кітапханашысы жоқ кітапхана ашылды

  • 325
  • UPD: 14:26, 17.06.2019
Таразда кітапханашысы жоқ кітапхана ашылды

Мұнда оқырман өзіне ұнаған шығармасын қажетті құжатсыз-ақ алып, оқып, кейін қайта тапсыра алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Жамбыл – адалдық алаңы» жобасы негізінде қолға алынған бастама Шоқан Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана жанынан ашылып отыр. Басты мақсат – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырып, оқырман жауапкершілігін арттыру. Жан азығын сыйлайтын ордадан кітап сүйер қауым 300 ден астам түрлі жанрдағы шығармаларды таба алады. 

Ардақ Сапибулла, қала тұрғыны:

– Ешқандай кітапханашының көмегінсіз-ақ кітапты алып, оны қайтадан өз орнына әкеліп қою қажет. Мақсат – адал оқырманды, адал болашақты қалыптастыру. Мысалы мен бүгін Нарша Қашағанұлының кітабын алдым, ешқандай құжат тапсырған жоқпын.

Хабар 24 телеарнасы