383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Хабарсыз кеткен Ақмола облысының тұрғыны елордадан табылды

  • 147
Хабарсыз кеткен Ақмола облысының тұрғыны елордадан табылды Елорда Инфо

Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері хабар-ошарсыз жоғалып кеткен 39 жасар Ақмола облысының тұрғынын тапты.

Бұл туралы Елорда Инфо Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Учаске» жедел алдын-алу іс-шарасын өткізу аясында елордалық полицейлер Нұр-Сұлтан қаласының Байқоңыр ауданы аумағында белгілі тұрағы жоқ адамдардың жиналатын орындары бойынша, яғни жылу трассалары, қоқыс тастайтын жерлер, қараусыз қалған ғимараттар мен жертөлелерде жергілікті-рейдтік іс-шараларды өткізді.

Іс-шараның негізгі мақсаты-белгілі тұрғылықты жері жоқ адамдарды, есірткі притондарын және басқа да мүмкін болатын заңсыз және есепке алынған контингентті анықтау.

2 күн ішінде учаскелік полиция инспекторларымен Нұр-Сұлтан қаласы Әкімдігінің қиын-өмірлік жағдайға тап болған тұлғаларды қайта әлеуметтендіру орталығына белгілі тұрғылықты жері жоқ 40-қа жуық тұлға жеткізіліп, оларға медициналық көмек көрсетілді. «Сонымен қатар жеткізілген адамдардың арасында хабар-ошарсыз жоғалып кеткен Ақмола облысының 39 жастағы тұрғыны анықталды. Қазіргі уақытта тұрғын жақын туыстарына берілді», - деп көрсетті тәртіп сақшылары.

Хабар 24 телеарнасы