384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі жан-жақты пікір алмасуға мүмкіндік береді

  • 225
  • UPD: 18:05, 17.06.2019
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі жан-жақты пікір алмасуға мүмкіндік береді

Жаңадан құрылатын ұлттық кеңес азаматтық қоғамның ашық әрі тұрақты дамуына ерекше ықпал етуі тиіс.

Сонда ғана билік пен халықтың арасында нәтижелі  диалог орнайды. Eлдегі барлық саладағы кезек күттірмей шешілуі тиіс мәселе бойынша жан-жақты конструктивті пікір алмасуға мүмкіндік береді. Бұл Семей қаласында тұратын қоғам  белсендісі -Жасұлан Құрманғалиевтың пікірі.  Қоғамдағы әр түрлі  проблеманы әлеуметтік желі арқылы көтеріп, оның оң шешілуіне ықпал етіп жүрген тұлға ұлттық кеңестен үлкен үміт күтіп отырғанын айтады. Елдегі қарапайым әрбір тұрғын, әсіресе жастар Президенттің бастамасымен құрылатын  осы қоғамдық институт  арқылы өз үнін жеткізе алады.

Жасұлан Құрманғалиев, қоғам қайраткері:

- Менің ойымша, дәл қазір жастар өздерінің ой-пікірін ашық айтуды дұрыс санайды. Сондықтан осы тұрғыдан алғанда ұлттық комиссия дер кезінде құрылып жатыр. Оған қоса қоғамның әр түрлі мүшесі мен әр сала бойынша жалпылай талқылау болады. Қордаланған проблемалар айтылып, ең бастысы оны шешу жолдары қарастырылмақ.

Хабар 24 телеарнасы