389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


А.Мамин жаңа тағайындалған министрлерді ведомстволарға таныстырды

  • 219
  • UPD: 19:47, 17.06.2019

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен бүгін 3 министр тағайындалды.

Ведомство басшыларын көпшілікке премьер-министр Асқар Мамин таныстырды. Бұдан былай, мәдениет және спорт министрлігін Ақтоты Райымқұлова басқарады. Ол осыған дейін ведомство тізгінін 5 жыл ұстаған Арыстанбек Мұхамедұлының орынбасары қызметін атқарып келген. Сондай-ақ бүгін Президент пәрменімен елімізде 2 министрлік құрылды. Сауда және интеграция министрілігіне елорданың бұрынғы әкімі Бақыт Сұлтанов басшылық етеді. Осыған дейін талай лауазымды қызметтерді атқарған маман еліміздің сыртқы және ішкі сауда саясатын жетілдіруге атсалысады. Ал экология, геология және табиғи ресурстар министрлігін басқару жас маман Мағзұм Мырзағалиевке сеніп тапсырылды.

Хабар 24 телеарнасы