384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚХА кәсіпкерлер қауымдастығының ауқымы кеңейе түседі

  • 131
  • UPD: 19:48, 17.06.2019
ҚХА кәсіпкерлер қауымдастығының ауқымы кеңейе түседі

Қазақстан Халқы Ассамблеясының кәсіпкерлер қауымдастығына осы күні 200-дей кәсіпорын мүше.

Елбасының тапсырмасына сай осы Үкіметтік емес ұйымның ауқымы кеңейе түспек. Ондағы мақсат индустриялы-инновациялық бағдарламалар мен шағын-және орта бизнесті дамытуға соны серпін беріп, шетелдермен байланысты жандандыру. Сол арқылы инвестиция көлемін ұлғайту. Бүгін Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев бірқатар мемлекеттердің дипломатиялық корпус өкілдерімен кездесу өткізіп, қауымдастықтың жұмыс-жоспарымен бөлісті. Жиынға Беларусь, Ресей, Армения, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Украина, Қырғызстан, Әзербайжан, Грузия елдерінің Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшілері, сондай-ақ Литва Республикасының біздегі үшінші хатшысы қатысты.

Жансейіт Түймебаев, Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары:

- Елбасы Ұлттық экономика министрлігіне «Атамекен» палатасымен бірігіп, кәсіпкерлер қауымдастығының жұмысын жаңа деңгейге көтеру, олардың құрамын бизнес-бірлестіктердің жетекші өкілдерімен толықтыруды тапсырды. Осылайша түрлі этнос кәсіпкерлерінің тарихи отанымен іскерлік қарым-қатынасын жолға қою көзделіп отыр. Біз сіздермен осы мәселеде ынтымақтастықты жандандырсақ дейміз.

Хабар 24 телеарнасы