388,81 430,50 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысының диқандары былтырғыдан мол өнім алуды көздеп отыр

  • 352
  • UPD: 21:01, 17.06.2019

Түркістан облысында егістік алқабы 824 мың гектарға жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда шамамен 10 мың гектарға артық.

Аймақ шаруалары биыл көкөніс пен жеміс-жидектен мол өнім алуға дәмелі. Диқандардың алды қазірдің өзінде өнімін жинап, сатуға кіріскен.

Қауын-қарбыз, сары өрік пен алхоры Ресей мен еліміздің өзге де аймақтарына күніге жөнелтіледі. 

Жетісайлық Қанат Иманқұлов жеті жылдан бері өзінің тиесілі жеріне қарбыз егіп оны саудалап келеді. Диқанның айтуынша, өткен жылдармен салыстырғанда жер ана өнімді жақсы берген. Шаруа осы жылы бес жарым гектар жеріне тек қарбыз дәнін отырғызыпты.  Гектарына 30 тоннадан өнім алудамыз дейді ол. Қанаттың қарбыздары қазір экспортқа жөнелтілуде.  Кәсіпкер бұдан басқа бірнеше егіс алқабына қызанақ пен мақтада отырғызған. 

Қанат Иманқұлов, диқан:

- Қарбыздың орнына екінші өнімге маш өнімін егеміз деген ниетіміз бар. 1 гектардай помидор. Оның да пісуіне аз қалды. Биылғы жыл жақсы қолайды болып келді. Мақтадан қарағанда өнім дұрыс деп есептеп жатырмыз бақшаның.

Мәтін:  Өңірде қазір қауын қарбыздан бөлек, бауда өсетін бірнеше өнім түрлері пісе бастаған. Олардың да басым бөлігі шет мемлекеттерге сатылуда. Одан артылғаны ішкі нарықта саудаланады. Мәселен өткен жылы облыстан  500 тонна өнім Ресей, Беларус, Латвияға жіберіліпті. Ал еліміздің солтүстік өңірлеріне 1 миллион тонадан астам бау бақша өнімдері  жеткізілген.

Сейітжан Әзбергенов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бөлім басшысының м.а:

- Ерте көктемде егілген бақша дақылдарынан 7 мың тонна өнім жиналып оның 200 тоннадан астамы экспортқа жөнелтілді. Атап өтетін болсақ, Москва, Новосибирск, Пермь қалаларына жіберілді. Қалған өнімдер өзіміздің ішкі сұранысқа ие Нұрсұлтан қаласы, Алматы мен СҚО жөнелтілуде. Жалпы бақша дақылдарының 1 миллион 200 мың тоннадан астам өнім жинап алу жоспарлануда.

Қазір Жетісайда алхоры жинаудың қызған шағы. 20 гектар алқапқа егілген қара өріктен гектарына 30-35 тонна өнім терілуде. Жаз деп аталатын бұл сұрыпқа сұраныс жақсы дейді баудың аграномы Ерлік Шораұлы.   Алхорыны олар әзірге еліміздің Астана, Алматы қалаларына жіберуде. Өткен жылы дәл осы өрік түрі Ресейден ары асқан. 

Ерлік Сәдібеков, агроном:

- Баудың құрылғандығы мақсаты осы ішкі нарықты өзіміздің жаңағы жеміс-жидек өнімдерімізбен қамтамасыз ету. Қолжетімді бағада. Бізде өрік піссе алхорыны жинаймыз. Алхоры бітсе, алманы жинаймыз. Алмадан соң жүзім жинап жалпы ұласып кете береді бізде.

Өңірде 175 мың гектар жерге  жаздық дақылдар егілген.  Оның ішінде көкөністердің үлесі 19,2 мың гектарды құрайды. Ал  бақша дақылдары 15 мың гектардан асады. Халық картопты молынан тұтынатын болғандықтан 9,5 мың аумаққа егіліпті. Қазір оны да қазып жинап алуда.

Авторлары: Нұрбек Байбосын, Нұрмахан Мұсатов

Хабар 24 телеарнасы