388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жетісайда өгей қыздарын ұрып соққан әйелге қатысты сот процесі жүріп жатыр

  • 321
  • UPD: 22:34, 17.06.2019

Түркістан қаласында Жетісайда қыз балаларды ұрып-соққан өгей шешеге қатысты сот процесі жүріп жатыр.

Бастапқы көшпелі сот отырысы мамыр айының 28-де басталды. Одан кейін тағы бір сот отырысы өткен. Келесі процесс осы аптаның ішінде өтуі тиіс. Айта кетейік, бұған дейін осы іс бойынша біздің тілшілеріміз арнайы сюжет жасап, өгей шешенің 2 ай үйқамаққа алығаны жайында хабарлаған болатын.

Қанатбек Қоңырбаев, облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы:

- Іс жабық түрде өтуіне байланысты біз енді артық мәлімет бере алмаймыз, түсінесіздер. Сондықтан осы іс бойынша қандай шешім қабылдаймыз, сол қабылдаған нәтижесін өздеріңізге қосымша хабарлаймыз.

Хабар 24 телеарнасы