383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында ерлікпен қаза тапқан полицейлерді халқы үнемі еске алып отырады

  • 186
  • UPD: 23:12, 17.06.2019

Түркістан өңірінде өз басын қауіп-қатерге тігіп, ерлігімен көзге түскен полицейлер көп.

2016 жылы Түркістан облысының Қазығұрт ауданында қаралы жиын өткен. Ауданның Қарабастау ауылының тұрғындары мен ішкі істер саласының қызметкерлері Алматыда болған лаңкестік кезінде ауыр жараланып, жан сақтау бөлімінде көз жұмған полиция лейтенанты Мейрамбек Рахматуллаевты ақтық сапарға шығарып салды. Сол сияқты Созақ ауданының тумасы, ұйымдасқан қылмыстарға қарсы күрес басқармасының жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Тайыр Шералиев те Алматы қаласына іс-сапармен барып, ауыр қылмыс жасаған қылмыскерді ұстау барысында жараланып, қызмет бабында қайтыс болды. Ал 2015 жылы Кентау қаласы ішкі істер бөлімінің екі қызметкері Берік Керімбеков пен Марат Жанғозиев жанып жатқан үйден 9 адамды алып шықты. Ажалдан аман қалғандардың арасында кішкентай балалар мен үлкен кісілер де болған. Биылғы сәуір айында Отырар ауданында патрульдік полиция тобының қызметкері Рахымжан Ниязбекұлы көпірден суға секірген қызды құтқарып қалды. «Батыр полицейлердің ерлігі қашан да елге үлгі» дейді әріптестері.

Мақсат Асқаров, облыстық ПД кадр саясаты басқармасының бастығы:

- Қызмет барысында қайтыс болған қызметкерлерімізді әрдайым кәсіби мерекелерімізде жақын туыстарын шақырып, оларға бір минуттық үнсіздік жариялап, ерлік жасаған  қызметкерлерімізді марапаттап және олардың ерлігін  жас қызметкерлерге үлгі ретінде әрдайым айтып отырамыз. Ары қарай жас маманның отансүйгіштік сезімін ояту, ерлік жасау, өз міндетіне адал болу үшін осындай іс-шаралар өткізіп тұрамыз.

Хабар 24 телеарнасы