384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскемендік ақсақалдар ауыл мәселесіне алаңдаулы

  • 124
  • UPD: 07:31, 18.06.2019
Өскемендік ақсақалдар ауыл мәселесіне алаңдаулы

Қариялар шалғай аудандардағы шағын ауылдар арасындағы жол қатынасының назардан тыс қалатынына налиды.

Сонымен қатар әр аулада таза ауыз су ағып тұрса деген ниетте. Айта кету керек, бүгінгі күні облыста ауылдардың 53 пайыздан астамына ғана таза тіршілік нәрі жеткізілген. Өткен жылы 18 ауылға құбыр тартылды. Осындай көрсеткіштердің артуы үшін ақсақалдар мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 7-бағытта атап көрсеткен тапсырмалардың  орындалуын асыға күтуде. Онда президент өңірлерді дамытудың жаңа бағдарына басымдық беретінін айтқан болатын. Халықты ауыз сумен, сапалы жолмен қамтамасыз етуді президент ең өзекті тапсырмалардың қатарына қосып отыр.

Сайлаухан Аухадиев, қалалық ақсақалдар кеңесінің төрағасы:

- Жол мәселесін ол кісі қатты көтерді, біздің Шығыс Қазақстанда алыс аудандарда, ауыл арасында жол төзгісіз жағдайда, сондықтан бұл өте қонымды, халық үшін өте керек. Одан кейінгі бір мәселе – алыс ауылдардағы ауыз су мәселесі, оны да дұрыс жолға қоятынын айтты.

Хабар 24 телеарнасы