383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде Чернобыль апатынан зардап шеккендерді әлеуметтік қолдау тетіктері қарастырылмаған

  • 65
  • UPD: 08:03, 18.06.2019

1986 жылдың мамырында орын алған Чернобыль атом электр станциясында болған апаттың зардабын жоюға 1200 павлодарлық қатысқан.

Олардың 300-ге жуығы бүгінде арамызда бар. Павлодар қаласының тұрғыны Виктор Деймунд Чернобыль апатының зардабын жоюға жасақталған эшелонның құрамында болды. Азаматтың айтуынша, әскерилердің басым бөлігі апаттан соң көз жұмған. Әлемді дүрсілкіндірген техногенді апаттың зиянын сөзбен жеткізу мүмкін емес. Радиоактивті сәуленің адам ағзасына тигізген кері әсері салдарынан Виктор Деймунд үшінші топтағы мүгедек атанған. Бүгінде 70 мың теңге көлемінде зейнетақы алады. Қазіргі уақытта қоғамдық жұмыстарға ден қойып, Чернобыль апатында болған азаматтарға жеңілдіктердің көлемін көбейту мәселелерін жиі көтереді. Сонымен қатар қатарластарының ұрпақтарын әлеуметтік қолдау проблемасына баса назар аударған. Бұл бағытта апаттан соң туған азаматтарды есепке қоятын реестр құру бастамасын көтеріп келеді. Виктор Деймундтің айтуынша, көрші Ресейде әлеуметтік қолдау тетіктері қарастырылған. Біздің елде әзірге шешімін таппаған.

Виктор Деймунд, «Чернобыль одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы:

- Апаттан келген патологиялар үшінші, төртінші ұрпақта көрініс табуы мүмкін. Басқаша айтсақ, болашақта мүгедек ұрпақ тууы мүмкін. Бұған жол бермеу үшін жүйелі жұмыс керек. Ол үшін мемлекеттік бірыңғай регистр керек. Ол тізімде барлық зардап шеккендердің есімдері жинақталуы тиіс. Радиоактивті сәуледен зардап шеккендердің ұрпақтарын да қамқорлыққа алған абзал.

Хабар 24 телеарнасы