384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтауда атом өнeркәсібінің қызметін жаңа технологиялар ауыстыруда

  • 165
Ақтауда атом өнeркәсібінің қызметін жаңа технологиялар ауыстыруда

Ақтау – еліміздің теңіз суын тұщытып қолданып отырған бірден-бір қала.

Каспий жағалауында тұрған шаһарды ауыз су, жылу және электр қуатымен Маңғыстау энергетикалық комбинаты қамтамасыз етеді. Жарты ғасырдан астам тарихы бар кәсіпорын көпшілікке МАЭК атауымен танымал. Тәуелсіздік жылдары жылдам нейтронды БН-350 атом реакторы жұмысын тоқтатты. Бүгінде өндіріс орны табиғи газ жағу арқылы өз міндетін толық көлемде орындап келеді. Комбинатта ұзақ жылдар қолданыста болған құрал-жабдықтар кезең-кезеңімен жаңартылуда. Жуырда тығыз пленкалар арқылы суды сүзгілейтін үш қондырғы пайдалануға берілді. Сәйкесінше зауыттың бір текше метр суды ішуге жарамды ету үшін жұмсайтын тарифтік шығыны азайған.

Юрий Алексеенко, кәсіпорын бас инженерінің орынбасары:

- Бұл қондырғылар іске қосылған соң сағатына 1500 текше метр су өндіруге қол жеткіздік. Жаңа технологиялар электр қуатын аз мөлшерде тұтынады. Әрқайсысы бір сағатта 250 тонна дистиллят өндіреді. Сондай-ақ мұндағы екі модуль тәулігіне 12 мың текше метр суды сүзуге қолданылады. Келешек зауыт қуатын еселеп арттыру жоспарланған. Күніне 500 текше су беретін тағы бір қондырғы іске қосуға дайындық жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы