383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайдағы жарылыстың себеп-салдары белгілі болды

  • 294
  • UPD: 13:14, 18.06.2019

Қостанайдағы көлік станциясындағы жарылысқа автокөліктегі газ жабдығының ашылып кетуі себеп болған.

Бұл туралы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мәлімдеді. Қазір оқыс оқиға болған аумақтағы үйінділер толық тазартылып, 17 газ баллоны қауіпсіз жерге шығарылған. Полиция қызметкерлері тергеу жұмыстарына кірісіп кетті.

Естеріңізге сала кетсек, күні кеше көліктерге техникалық қызмет көрсететін станция және тамақтанатын бекет орналасқан екі қабатты ғимарат жойқын жарылыстан опырылып түскен. Нәтижесінде 7 адам зардап шегіп, оның екеуі қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген. «Қазір олардың денсаулықтарына еш қауіп төніп тұрған жоқ», – дейді дәрігерлер.

Хабар 24 телеарнасы