384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайдағы жарылысқа байланысты қылмыстық іс қозғалды

  • 365
  • UPD: 15:53, 18.06.2019

Қостанайдағы көліктерге қызмет көрсету орталығында болған жарылысқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Осыған байланысты полицейлер қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

Естеріңізге салайық, күні кеше сағат күндізгі 12-лер шамасында қаладағы авто-газ құю бекетінде жойқын жарылыс болып, салдарынан 7 адам зардап шеккен. Төтенше жағдайға автокөліктегі газ жабдығының ашылып кетуі себеп болған.

Ирина Беженарь, облыстық ПД баспасөз хатшысы:

- Бірқатар сараптама тағайындалады. Куәгерлер сұрастырылады. Қылмыстық кодекстің 292-бабы 1-тармағына сәйкес кінәлі тұлғаға 3 мың айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл немесе 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Хабар 24 телеарнасы