383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жаза басқандармен оңалту жұмыстары жүрізіледі

  • 171
  • UPD: 15:17, 18.06.2019
Жаза басқандармен оңалту жұмыстары жүрізіледі

Еліміздегі түзету мекемелерінде экстремизм, терроризм қылмыстары бойынша айыпталған 600-ге жуық адам жазасын өтеп жатыр.

Бүгінде осындай жаза басқандармен оңалту жұмыстары жүргізіле бастады. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі қылмыстық атқару жүйесінің басқарма басшысы Бекболат Шәкіров мәлімдеді. Айтуынша, сотталғандардың барлығы ислам дінін желеу етіп жат ағымның жолына түскендер. Осыған байланысты үйлестіру кеңесі қазір экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында кешенді шараларды қолға алған. Өткен жылы Ішкі істер министрлігі мен БҰҰ-ның бірлескен жобасы енгізілген. Бүгін үйлестіру кеңесі алғашқы отырысында аталған жобаны талқылап, мамандар пікір алмасты.

Бекболат Шәкіров, ҚР ІІМ қылмыстық атқару жүйесінің басқарма басшысы:

- Қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінде теологиялық қызмет ұйымдастырылды. 133 штат құрылды. Мекемелер ішіндегі сотталған адамдармен оңайту жұмыстарын нығайту үшін психологтар жұмыс істейді.

Хабар 24 телеарнасы