384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Air Astanа» Делиге рейсті қайта ашты

  • 226
  • UPD: 17:08, 18.06.2019
«Air Astanа» Делиге рейсті қайта ашты Free Trip Now

«Air Astanа» әуе компаниясы Үндістан мен Пәкістанның Азаматтық авиация басқармаларының өзара келісімдері нәтижесінде екі ел арасындағы әуе кеңістігі ішінара ашылғанын хабарлайды.

Осыған орай, тасымалдаушы 29 маусымнан бастап Алматы мен Дели арасындағы рейстерді сейсенбі, бейсенбі, сенбі және жексенбі күндері, аптасына 4 рет қайта іске қосады.

Дүйсенбі, сәрсенбі және жұма күндеріне билет сатып алған жолаушылар бронды айыппұлсыз өзгерту немесе жою үшін әуе компанияның Брондау және ақпарат орталығына немесе билетті сатып алған жерге хабарласуын сұраймыз.

Нұр-Сұлтаннан Делиге рейстер маусымның соныңа дейін тоқтатылды. Үндістан және Пәкістан арасындағы әуе кеңістігіндегі барлық шектеу жойылған кезде «Air Astanа» Үндістанға Алматы және Нұр-Сұлтаннан рейсті толық көлемде жаңартатын болады.

Хабар 24 телеарнасы