384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да лауазымды тұлғалар шекарадан өткізгені үшін кәсіпкерлерден пара алып отырған

  • 210
  • UPD: 17:22, 18.06.2019
БҚО-да лауазымды тұлғалар шекарадан өткізгені үшін кәсіпкерлерден пара алып отырған

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО-дағы департаменті өңірдегі үш лауазымды тұлғаның үстінен сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, олар кәсіпкерлерден жүйелі түрде ақша алып отырған. Лауазымды тұлғалар «Сырым» шекаралық бекеті арқылы кедергісіз өту және тауарлы-көліктік құжатын тексеру кезінде кәсіпкерлерден пара алып отырған. «Тағылған айыпты толық мойындағаны үшін күдіктілерді процессуалдық ұстау шарасы қолданылған жоқ. Тергеу жалғасуда», - делінген агенттіктің хабарламасында. Күдіктілерге қатысты соңғы кесімді сот шығарады.

Ақпарат көзі: inform.kz

Хабар 24 телеарнасы