384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақын, әнші Мәди Бәпиұлының ері күні бүгінге дейін сақталған

  • 215
  • UPD: 18:17, 18.06.2019
Ақын, әнші Мәди Бәпиұлының ері күні бүгінге дейін сақталған

Ақын, әнші, сыршыл сазгер, қоғам қайраткері Мәди Бәпиұлы пайдаланған ер күні бүгінге дейін сақтаулы, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көне жәдігер Қарағанды облысының Шет ауданында тұратын Тілеуғабыл Есенбеков ақсақалға нағашылары арқылы жеткен. Мәди өмірден озған соң, жолсерігі болған Тоқаш Қыдыкеев көненің көзін баласы Ләтайға табыстапты. Кейін ол кісі шахтада бірге еңбек еткен Айғожа ақсақалға аманат етіп қалдырған. Ал одан Тілеуғабыл Есенбековтің нағашысы Нығметолланың қолына өтеді. Осылайша қазмойын ерді құсбегі ақсақал бірнеше жылдан бері көзінің қарашығындай сақтап келеді.

Хабар 24 телеарнасы