384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚХА-ның әлеуметтік векторын дамыту қажет

  • 167
  • UPD: 20:43, 18.06.2019

Қазақстан халқы Ассамблеясының әлеуметтік векторын дамыту қажет.

Бүгін Парламент қабырғасында Ассамблея атынан сайланған депутаттық топтың отырысы өтіп, онда осы көкейкесті мәселе көтерілді. Мәжілісмендердің алдында Ассамблея төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев сөз сөйлеп, жастарды жұмыспен қамту, ауылды аймақтарды өркендету секілді әлеуметтік маңызы бар сұрақтарды шешудің жаңа тетіктерін қарастыруды ұсынды. Жиынға жиналғандар Қасым-Жомарт Тоқаевтың сайлауалды бағдарламасы мен инаугурацияда сөйлеген сөзінен туындайтын депутаттық топтың міндеттерін қарады.

Сауытбек Абдрахманов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

– Қазіргі таңда біздің еліміздің алдында жаңа саяси кезең ашылып отыр. Көп дүниелер өзгереді деп күтіп отырмыз. Қоғамдық әділеттілік бұрынғыдан артады деп күтіп отырмыз. Оның нақты жолдары, қоғамның билікке сенімін арттыру қазір көкейкесті болып тұр. Осы жөнінде әңгіме айтылды. Бұл әңгіме нақты нәтижесін береді деп ойлаймыз.

Хабар 24 телеарнасы