384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлды жағымсыз иіс жайлады

  • 170
  • UPD: 20:45, 18.06.2019

Петропавл қаласын жағымсыз иіс жайлады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қала тұрғындары газға тұншығып, үйлерінен шыға алмай отыр. Кейбіреуінің тіпті денсаулығы нашарлап, жедел жәрдем қызметін шақырған. Осыған байланысты арнайы топ құрылып, ауаның сынамасы алынды. Мамандардың айтуынша, барлық көрсеткіштер талапқа сай.

Газдың иісі «Жас өркен» ықшам ауданынан тарай бастаған. Бұл жақтың тұрғындары үйлерінде есік-терезесін ашпай отыр. Кейбіреуі балаларын алып, туыстарына кеткен. Денсаулығы нашарлағандары да бар.

Ирина Шоль, қала тұрғыны:

– Екі күн болды, дәрінің күшімен отырмын. Демікпем бар. Дауысым да өзгеріп кетті. Кеше оттегінің сынамасы алынды.

«Жағымсыз иістің шыққанына 5 күн болды», - дейді тұрғындар. Бұл жағдайға байланысты комиссия құрылып, ауаның сынамасы алынды. Бірақ газдың ошағы анықталмаған. Себебі де белгісіз.

Әсет Жұматаев, қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының басшысы:

– Түнгі бірден сағат төртке дейін зертхана мамандары жұмыс істеді. Онда мен айтқандай, серовадарот, метил меркаптан, углеводород, амиак, азот диоксид, диоксид азот сияқты заттар тексерілді. Олардың да көрсеткіші рұқсат етілген консектрациядан көп емес.

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

– Қазір коммуналдық қызмет мамандарына дамыл жоқ. Олар осындай көліктермен бірінен соң бірі келіп, кәріз жүйесін тұрмыстық қалдықтардан тазартып жатыр.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы