389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде қосымша медициналық қызметтер тегін көрсетіледі

  • 342
Елімізде қосымша медициналық қызметтер тегін көрсетіледі

Келесі жылдан бастап елімізде қосымша медициналық қызметтер тегін көрсетіледі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Азаматтарымыз түрлі кеңестер мен диагностикалық зерттеулер және стационарлық һәм жоғары технологиялық емдер үшін ақы төлемейді. Сонымен қатар оңалту қызметтері пайда болады. Жаңашылдықтар 2020 жылдан басталатын әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне енеді. Халыққа есеп берген соң тілшілермен өткен брифингте министр Елжан Біртанов осылай деді. Жалпы денсаулық сақтау саласындағы өзгерістер күнделікті пайдаланып жүрген медицинаның сапасына және қолжетімділігіне тікелей әсер етеді. Саланы жаңғырту үшін бүгін Үкіметте қос бірдей маңызды қаулы қабылданды.

Елжан Біртанов, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

– Құжаттар келесі жылдан басталатын әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне арналған. Нәтижесінде 2020 жылдан бастап тегін медициналық қызметтің екі көлемі болады. Біріншісі – мемлекет тарапынан кепілдендірілген көлем. Ол Қазақстан аумағында тұратын бүкіл азаматтарға тегін көрсетіледі. Екіншісі – тегін медициналық көмек қызметі. Ол тек медициналық сақтандыру жүйесіне қатысып жатқан азаматтарға арналған.

Хабар 24 телеарнасы