384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысы онкологиялық аурулар жөнінен республикада алдыңғы орында

  • 205
Ақмола облысы онкологиялық аурулар жөнінен республикада алдыңғы орында

Ақмола облысы бүгінде онкологиялық аурулар жөнінен республикада алдыңғы орында келеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аймақта 9 мыңдай адам осындай қатерлі дертке шалдыққан. Сондықтан былтыр Көкшетауда жаңа онкологиялық орталықтың құрылысы басталды. Емдеу нысанының құрылыс барысымен «Nur Otan» партиясының қоғамдық бақылау инспекторлары танысты. Жалпы 4 қабатты ғимарат келесі жылы салынып бітуі тиіс. Қазір мұнда жұмыс қарқынды жүріп жатыр. Ал оны тұрғызуға ел қазынасынан 2 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінген. Сметалық құжаттар бойынша емхана күніне 150 науқасты қабылдай алады. Айта кетейік, аталған нысан «Nur Otan» партиясының «Құтты мекен» жобасы аясындағы әлеуметтік нысандар тізіміне енген.

Татьяна Зиновьева, облыстық аурухана бас дәрігері орынбасарының міндетін атқарушы:

– Жаңа емхананың төменгі қабаттарында компьютерлік томография, МРТ, сынама алатын орындар, зертханалар бәрі бір-біріне жақын орналасады. Бұл пациенттер үшін өте ыңғайлы болмақ. Ал жоғарғы қабаттарға тек әкімшілік кеңселер жайғасады.

Нұрлан Баймұрзаев, «Nur Otan» партиясы «Құтты мекен» жобасының координаторы:

– Көп қаражат бөлініп жатыр. Кемшіліктер де бар. Кемшілік дегенде, бақылау жағдайы болмаса осы. Ең жақсы нәтиже – қоғамдық бақылау.

Хабар 24 телеарнасы